Кәсіпкерлер қандай мелекеттік қаржылық қолдау ала алады?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Кәсіпкерлер қандай мелекеттік қаржылық қолдау ала алады?

    Жауап

    Бүгінгі күні кәсіпкерлер субсидиялар, кепілдіқ беру, гранттық қаржыландырі және жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын ала алады (мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген).

    Субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды іске асыру, айналым қаражатын толықтыру үшін қаржы институты беретін жаңа қаржы құралдары бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпкердің экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі бойынша тіркелген жерін есепке алмай, экономикалық қызметтің басым түрлерінде өз жобаларын іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер субсидиялауға қатысушылар болып табылады. Соңғы қарыз алушы үшін кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме 13,2% құрайды (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне кірген әлеуметтік кәсіпкерлер үшін мөлшерлеме- 12,2% құрайды), кредит сомасы 200 миллион теңгеге дейін(мысалы: кәсіпкер Банкке кредит алу үшін жылдық 22% - бен жүгінеді. Субсидиялау құралының арқасында ставканың бір бөлігін мемлекет өтейді, ставканың қалған бөлігін кәсіпкер төлейді);

    Кепілдік беру: Мемлекет басшысының 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында айтылған тапсырмасына сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Ақционерліқ қоғамы (бұдан әрі- Даму) Қорының базасында екі кепілдік қоры құрылды: шағын және орта кәсіпкерлік және ірі инвестициялық жобалар үшін.

    Шағын және орта бизнеске арналған кепілдік қоры (бұдан әрі - Кепілдік қоры 1) қаржыландыру көлемі 7 миллиард теңгеге дейінгі жобаларды қамтиды. Ол жеткілікті кепілі жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған және мемлекеттік қаражатқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.

    Ірі инвестициялық жобаларға арналған кепілдік қоры (бұдан әрі - Кепілдік қоры 2) банктердің өтімділігін тарту есебінен қаржыландыруға қолжетімділікті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Ол 7 миллиард теңгеден басталатын жобаларды қамтиды, бұл кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесін шешуге көмектеседі (мысалы: егер кәсіпкер несиені қамтамасыз ету үшін кепілді мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, Даму 85%-ға дейін кепілдік бере алады).

    Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу: инженерлік инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына сәйкес өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы жетіспейтін инфрақұрылымды шағын және орта бизнес объектісіне жеткізуді көздейді, объектінің құрылысын өзі қаржыландырмайды. Бөлінген қаражат мынадай инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бағытталады: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін Ұңғымаларды бұрғылау), газдандыру, су құбырлары, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, темір жол тұйықтары, темір жол кірме жолдары, телефондандыру, электр қосалқы станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газ қондырғылары (мысалы: кәсіпкер құрылыс материалдарының шағын өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Негізгі проблема-бұл жеткілікті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген өндіріс орны (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау қажет). Бұл жағдайда кәсіпкер жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органға жүгіне алады.

    Гранттық қаржыландыру: «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын кәсіпкерлер, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік гранттар беруге конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады. Осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады. Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.

    Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:

    1) кәсіпкердің оны іске асыруға берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ақшалай қаражатпен қоса қаржыландыруы;

    2) жаңа жұмыс орындарын құру;

    3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) Жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы. (мысалы: кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін гранттар беру жөніндегі конкурсқа қатысуға, өндірісті іске қосу немесе кеңейту үшін жабдықтар сатып алуға өтінім береді. Грант өтеусіз, бірақ жаңа жұмыс орындарын құру шартымен).

    Толық ақпарат алу, құжаттарды дайындау және жинау үшін кәсіпкерлер өңірлік кәсіпкерлік басқармасына, Даму, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатынд...