Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар: Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі.

    Өтінішті электронды түрде қалай беру керек:

    1. «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау» порталына (elicense.kz) кіріңіз.
    2. Порталда тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз.
    3. «Дінтану сараптамасын жүргізу» қызметін таңдаңыз.
    4. Электрондық өтініш формасын толтырыңыз.
    5. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойып жіберіңіз.
    6. Өтінішіңіздің статусын жеке кабинетіңіз арқылы бақылаңыз.

    Электронды түрде өтініш бергенде қажетті құжаттар:

    • Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық өтініш нысаны;
    • Сараптама нысанасының Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, немесе миссионерлерді не діни бірлестікті тіркеуге арналған өтініштің электрондық көшірмесі, немесе діни бірлестік басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан республика аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

    Өтінішті қағаз (қолма-қол) түрде қалай беру керек:

    1. Дін істері комитетінің кеңсесіне жүгініңіз ( Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-11-78, 74-18-48. Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс);
    2. Қажетті құжаттарды ұсыныңыз*;
    3. Құжаттарды қабылдағаннан кейін 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі – Комитет) шешім қабылдап, қызмет алушыны хабардар етеді.

    Қағаз түрде өтініш бергенде қажетті құжаттар:

    • Белгіленген нысандағы өтініш;
    • Жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
    • Заңды тұлғалар үшін – діни бірлестікті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;
    • Сараптама нысанасының ҚР ұйымдарының кітапхана қорларына түскенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі, немесе миссионерлерді не діни бірлестікті тіркеуге арналған өтініштің көшірмесі, немесе діни бірлестік басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан республика аумағына әкелінгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
    • Сараптама нысаналары;
    • Егер ұсынылған материал шет тілінде болса – қазақ немесе орыс тіліне нотариаттық куәландырылған аудармасы ұсынылуы қажет.

    Қызмет көрсетушінің (Комитеттің) әрекетіне шағымдану

    Егер дінтану сараптамасын жүргізу бойынша шешімге, әрекетке немесе әрекетсіздікке қанағаттанбасаңыз, шағым бере аласыз.

    Шағымды қайда беру керек:

    • Қызметті көрсеткен органға;
    • Қызметкердің өзіне (әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану кезінде);
    • Жоғары тұрған орган – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне;
    • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі:

    • Уәкілетті орган сіздің шағымыңызды тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға міндетті;
    • Қызмет алушының шағымы қанағаттандырылмаған жағдайда, Комитет үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және барлық құжаттарды жоғары тұрған мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдайды. Бұл туралы сол күні сізге хабар беріледі;
    • Егер шағым бойынша оң шешім қабылданса (өтініш берушінің пайдасына), ол жоғары тұрған мемлекеттік органға жіберілмейді;
    • Шағымды қарау мерзімі келесі жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін:
      1. қосымша зерттеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда;
      2. қосымша ақпарат алу қажет болғанда.

    Сот тәртібі:

    Сотқа тек сотқа дейінгі шағымдану рәсімінен кейін ғана жүгінуге болады (егер заңда өзгеше көзделмесе).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды да...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...

    Сұрақ

    Басылымның тілінің өзгеруіне байланысты журнал қайта есептеле ме?

    Жауап

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 488 (бұдан әрі-Ереже) бұйрығымен бекітілген «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының ата...