«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады.
Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Жұмыс тобына мүше болып сайлану үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері өз кандидатураларын ұсынуға құқылы.
Жұмыс тобын құру келесі кезеңдерді қамтиды:
1) Мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің (ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер) интернет-ресурсында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында Жұмыс тобын құру бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру.
Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 күнтізбелік күн ішінде интернет-ресурста немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады.
2) Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде Жұмыс тобына кандидаттардың тізімін қалыптастыру;
3) Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Жұмыс тобының құрамына кандидаттарды іріктеу.
Жұмыс тобына мүшелерді іріктеу коммерциялық емес ұйымдардан және ашық дауыс беруге қатысатын азаматтардан Жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың көпшілік даусымен жүзеге асырылады.
4) Іріктеу рәсімі аяқталғаннан кейін Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен Жұмыс тобының отырысын өткізу.
Қоғамдық кеңестің құрамын конкурстық іріктеуге өзін-өзі ұсыну арқылы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар қатыса алады.
Қоғамдық кеңесті құру келесі кезеңдерден тұрады:
1) Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастыру, оның интернет-ресурста немесе бұқаралық ақпарат құралдарында болу мерзімі – 10 жұмыс күні;
2) Хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді өткізу.
Конкурстық іріктеу кезінде Қоғамдық кеңестің мүшелігіне кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған кандидаттардың кәсіби, жеке қасиеттерін және қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білуін анықтауға бағытталған, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске ұсынылған мүшелікке қатысты сұрақтар қойылады. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін жұмыс тобы әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді өткізеді.
Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңеске сайланды деп есептеледі.
Бірдей дауыс санын алған кандидаттар үшін жұмыс тобының жетекшісі шешуші дауыс беру құқығын өзіне қалдырады.
3) Мемлекеттік орган басшысының және квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органы басшысының шешімімен Қоғамдық кеңестің құрамын бекіту.