«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.
Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.