Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді.

    Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі:

    - шағын Отанды дамытуға және қолдауға бағытталған ірі әлеуметтік жобаларды іске асыру;

    - аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған/өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсету;

    - Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ төтенше жағдайлардан зардап шеккен аумақтарға көмек көрсету;

    - Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде және (немесе) шетелде шұғыл ақылы емделуге мұқтаж жеке тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету;

    - ғылым, инновация, білім, мәдениет, өнер, спорт саласында қайырымдылық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамның тарихи және этномәдени игілігін сақтауға көмектесу;

    - жануарларға қайырымдылық көмек көрсету;

    - кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік қайырымдылықты дамытуы.

    Құрметті атақ беру Комиссия шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

    Комиссия мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қатарынан қалыптастырылады.

    Құрметті атақтар беруге ұсынымдарды қабылдау туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми Интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жыл сайын 1 шілдені қоса алғанда мынадай тәсілдердің бірімен береді:

    1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы және (немесе) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық жеткізгіштерде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда);

    2) хабарландыруда көрсетілген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің электрондық мекенжайына (PDF форматында).

    Конкурсқа қатысу үшін (қайырымдылық саласындағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінімдерді қабылдауды бастағанын жариялағаннан кейін) Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар Қағидаларда бекітілген нысан бойынша ұсынымдарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне жібереді.

    Комиссияның құрметті атақ беруге үміткерді бекіту туралы шешімі комиссия отырысында ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

    Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қатысып отырған Комиссия мүшелері 3 жұмыс күні ішінде қол қояды.

    Құрметті атаққа ие болған адамдарға «Қайырымдық үшін» төсбелгісі тапсырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар:Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау»...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...

    Сұрақ

    Басылымның тілінің өзгеруіне байланысты журнал қайта есептеле ме?

    Жауап

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 488 (бұдан әрі-Ереже) бұйрығымен бекітілген «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының ата...