ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 17 қазандағы № 488 (бұдан әрі-Ереже) бұйрығымен бекітілген «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына және масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, басылым тілі, меншік иесі, меншік иесінің атауы, кезеңділігі, тақырыптық бағыты және таралу аумағы өзгерген жағдайда мерзімді баспасөз басылымы қайта есепке алынуға жатады.
Осыған байланысты, басылымның тілін өзгерту журналды қайта есепке алу үшін негіз болып табылады.
Бұл ретте өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері бойынша өтініш дұрыс толтырылған кезде Қағидаларға сәйкес мерзімді баспа басылымын қайта есепке қою туралы куәлік беріледі.
Куәлікті қайта есепке алуға өтініш берген кезде келесідей құжаттардың болуы тексеріледі: өтініштің мазмұны, есепке қойылған мерзімді баспа басылымдарының тізілімінде бірдей атаудың болуы, сондай-ақ меншік иесі өзгерген жағдайда меншік иесінің ауысуын/меншік құқығының берілуін растайтын ұсынылған құжаттардың деректері тексеріледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он жұмыс күні.
Құжаттардың болмауы және өтініштің жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.