Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету «Масс-медиа туралы» Заңның 14-бабымен реттеледі.
Алдымен, мүдделі тұлға (азамат немесе ұйым) таңдалған БАҚ-тың редакциясына ақпаратты орналастыру туралы ұсыныспен өз бетінше жүгінеді.
Одан кейін тараптар ынтымақтастық туралы немесе ақпараттық қызмет көрсету туралы ақылы не тегін негізде шарт жасасады.
Бұл ретте редакция ұсынылған материалды қарайды немесе заңнама мен редакциялық саясатқа сәйкес өз бетінше контентті (жаңалық, сұхбат, репортаж және т.б.) дайындайды. Қажет болған жағдайда, шарттың талаптарына сәйкес мазмұн тапсырыс берушімен келісіліп отырады.
Ақпараттық сүйемелдеу шеңберінде таратылатын ақпарат эфирде, баспа немесе электронды БАҚ-та міндетті түрде дереккөзді көрсете отырып және қолданыстағы заңнамада белгіленген негізгі қағидаттарға сәйкес орналастырылады. БАҚ ұсынылған материалдардың мазмұны қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған немесе редакциялық саясатқа қайшы келетін жағдайда оларды жариялаудан бас тартуға құқылы.