Өңірлік деңгейде мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Өңірлік деңгейде мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік тапсырысты алу үшін үміткер «Масс-медиа туралы» ҚР Заңының 22-бабына сәйкес бұқаралық ақпарат құралы ретінде есепке қойылуы тиіс.

    Үміткерлерге мемлекеттік тапсырысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 қарашадағы № 526-НҚ бұйрығымен бекітілген өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес беріледі.

    Ережеге сәйкес, конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін үміткер 10 жұмыс күні ішінде белгіленген нысандар бойынша өтінім мен құжаттардың толық пакетін береді.

    Ұйымдастырушы конкурс туралы хабарландыруды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында орналастырады. Үміткер Ақпараттық хабарлама орналастырылған келесі күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінімді және белгіленген нысандар бойынша өңірлік Тапсырысқа қатысуға арналған құжаттардың толық пакетін ұсынады.

    Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін өңірлік комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашады және ашу хаттамасын рәсімдейді. Ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім мен құжаттар тізбесі белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеріледі. Өтінім мен құжаттар тізбесі сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде үміткердің электрондық мекенжайына алдын ала рұқсат беру хаттамасынан үзінді көшірмені қоса бере отырып, государственный орган жібереді. Үміткер үш жұмыс күні ішінде пысықтайды.

    Өтінім мен хабарлама бойынша құжаттар тізбесі жеткіліксіз болған жағдайда өтінім мен құжаттар тізбесі үміткерге қайтарылады. Өңірлік комиссия үміткерлердің өтінімдерін пысықтау кезінде екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын қалыптастырады. Жеңімпазды анықтаудың шешуші критерийі-үміткердің шығармашылық ұсынысы.

    Өңірлік комиссия отырысқа өңірлік Тапсырысқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы рәсімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерлерді бағалайды.

    Рұқсат беру хаттамасы рәсімделген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытындылардың алдын ала хаттамасы ресімделеді. Ұйымдастырушы мемлекеттік грант алмаған үміткерлерге үміткердің электрондық мекенжайына хабарлама жібереді. Үміткерлер хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық білдіреді.

    Қарсылықтар болған кезде республикалық комиссия олардың құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өңірлік Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бойынша тиісті ұсынымдар жібереді.

    Қорытындылардың алдын ала хаттамасына қарсылықтар болған кезде өңірлік комиссия бір жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды. Өңірлік комиссия шешімінің қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарымен он жұмыс күні ішінде өңірлік тапсырысты өткізуге шарттар жасалады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар:Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау»...

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды да...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...