Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2-бабының 1-тармағына сәйкес, сөз бен шығармашылық еркіндігіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Заңның 14-бабының 1-тармағына сәйкес, масс-медиа өнімдерін тарату меншік иесінің шешімімен өзі не шарттық немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес,
Министрлік масс-медиа саласындағы уәкілетті орган ретінде БАҚ-тың редакциялық саясатына араласуға құқылы емес. Осыған байланысты, өтініште көрсетілген мәселе бойынша сізге тікелей бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясына жүгіну ұсынылады. Телеарналармен байланыс үшін байланыс деректері: «Хабар» – [email protected] «Қазақстан» – [email protected] «24kz» – [email protected] «КТК» – [email protected] «Евразия» – [email protected] «Атамекен» – [email protected] «Жібек жолы» – [email protected]