Іс-шараларды өткізу үшін концерт залдарын және шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды ұсыну бойынша қызмет қандай шарттармен ұсынылады?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Іс-шараларды өткізу үшін концерт залдарын және шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды ұсыну бойынша қызмет қандай шарттармен ұсынылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік мүлікті бөгде мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға өтеусіз пайдалану көзделмеген.

    Өз кезегінде, өтініш берушілер зал және шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды ұсыну туралы өтінішпен жазбаша түрде мәдениет ұйымдарының басшылығына жүгіне алады.

    Мәдениет ұйымдарының басшылары алдағы кезеңге бекітілген жоспарларына сәйкес, ҚР ӘППК белгіленген мерзімдерде шешім қабылдайды.

    Осыған байланысты, мемлекеттік концерттік ұйымдар концерттік іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында отандық шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен концерт залдарын ақылы негізде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына (1-қосымша) сәйкес ұсына алады («Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығаратын және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы»).

    жүгіне алады — бұл жекеменшік те, мемлекеттік те мекемелерге қатысты.

    Жекеменшік ұйымдар қызметті шарттық негізде, ал мемлекеттік республикалық ұйымдар бекітілген тарифтерге сәйкес көрсетеді.

    Өтініштерді қарау мерзімі – 1-2 апта.

    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында концерттер мен мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге қатысты «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 9-1-бабында белгіленген талаптар қолданылады.

    Көрермендерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушылар міндетті:

    1. жеке тұлғалардың қауіпсіздігін, іс-шара өткізілетін орындардың және ондағы мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жәрдемдесуге;
    2. іс-шара өткізілетін орынға іргелес аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіруді қамтамасыз етуге (егер ол бұзылса);
    3. Жергілікті атқарушы органдарды:

    іс-шара өткізілетін күнге дейін 10 күн бұрын – күтілетін көрермендер саны туралы,

    1 күн бұрын – сатылған билеттер, берілген рұқсаттамалар (көлік құралдарына да қатысты), ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнайы техникасы мен мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;

    1. іс-шара өткізілетін орындарда көрермендердің мінез-құлық ережелерін орналастыруға;
    2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге, елдің тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттауға бағытталған және жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға қайшы келетін мазмұнды пайдаланбауға;
    3. көрермендермен өзара іс-қимыл кезінде әртістердің әдепті мінез-құлқын қамтамасыз етуге, оның ішінде бейәдеп сөздер айтуға, алкогольдік ішімдіктер, есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын қолдануға жол бермеуге. Бұл талаптар әртістермен жасалған шарттар негізінде қамтамасыз етілуі тиіс;
    4. музыкалық шығармаларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылатыны туралы көрермендерді ақпараттандыруға.

    Сонымен қатар, спорттық, спорттық-көпшілік және көрермендерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген нұсқаулық бар.

    Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 92-бабының 1-тармағына сәйкес бас тарту туралы жауап келген күннен кейін, үш ай (3) мерзімде жоғары тұрған органға шағымдануыңызға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар:Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау»...

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды да...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...