«Мәдениет туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында түрлі бағыттар бойынша, соның ішінде жекеменшік коллекциялардан құрылған музейлер құрылуы мүмкін.
Музей құру мәселесі «Мәдениет туралы» заңмен және тиісті нормативтік құқықтық актілермен реттелген.
Заңның 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органыуәкілетті органмен келісу бойыншаҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады.
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік музейлерді құрудың алгоритмі:
- Музейдің ғылыми тұжырымдамасын, көркемдік тұжырымдамасы мен тақырыптық-экспозициялық жоспарын әзірлеу;
- Құрылатын музейдің қорын жасақтау;
- Мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша құрылатын музейдің қаржыландыру көздерін және орналасатын жерін айқындау;
- Жобаны жүзеге асыру үшін құрамы ғалымдардан, ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, мәдениет қайраткерлері мен музей қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмыс тобы құрылуы тиіс;
- Жаңадан құрылатын музейге қатысты арнайы жұмыс тобының ұсынымы бойынша әкімдік уәкілетті органға келісуге жолданатын тиісті шешім қабылдайды.