Ескерткіш орнатуға қандай талаптар қойылады?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Ескерткіш орнатуға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 11-бабының 9) тармақшасына сәйкес, монументтік өнер құрылыстарын орнату жұмыстарын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) жүргізеді.

    Жоғарыда аталған Заңда белгіленген ұғымға сәйкес, монументтік өнер құрылыстары – көрнекті тұлғалардың, маңызды тарихи оқиғалардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін орнатылатын монументтік өнер туындылары (ескерткіштер, стелалар, бюсттер).

    Монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен айқындалған.

    Аталған Қағидаларға сәйкес, ЖАО монументтік өнер құрылыстары бойынша жұмыстарды жоспарлы негізде жүргізеді. Жоспарды Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – МАМ) қалыптастырады.

    Бұл ретте, ЖАО монументтік өнер құрылыстарын орнату жұмыстарын жоғарыда аталған Қағидаларда көзделген бірқатар талаптарды ескере отырып жоспарлайды.

    Жаңа ескерткішті орнату қаржылық растаумен (жергілікті бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден) қамтамасыз етілуі тиіс.

    ЖАО орнатуды жоспарлап отырған жаңа ескерткіш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысында көзделген мерейтойлық күндерге сәйкес келуі тиіс. Осы қаулыға сәйкес, бірінші ғасырда – жүзжылдық, келесі ғасырларда әр жиырма бес жыл сайын мерейтойлық жылдар болып саналады.

    Сондай-ақ, жоспарлау кезінде көрнекті тұлға қайтыс болған немесе маңызды тарихи оқиға орын алған күннен бастап бес жыл өткенін ескеру қажет.

    Жаңа ескерткішті орнату үшін жер учаскесін бөлу мәселесі шешілуі тиіс, бұл ретте жаңа ескерткіштерді жеке меншік иелеріне тиесілі және жеке иеліктерге жататын аумақтарға орнатуға болмайтынын ескеру қажет. Сонымен қатар, бір елді мекенде бір көрнекті тұлғаға арналған ескерткішті бір реттен артық орнатуға жол берілмейді.

    ЖАО-ның монументтік өнер құрылысын орнату туралы бастамасы сәйкес келген жағдайда, ұсыныс ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде алдағы жылдың жоспарына енгізу үшін МАМ-ға жіберіледі.

    Жоспарға ЖАО-ның ұсынысында қаржылық растау, жер учаскесін бөлу туралы шешім мен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы болуға тиіс.

    Жоспарға енгізілген және Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі республикалық комиссия бекіткен ұсыныс бойынша ЖАО мүсіншілер арасында 1 ай мерзімге республикалық шығармашылық конкурс жариялайды. Жарияланған республикалық конкурс қорытындысы бойынша конкурсқа келіп түскен барлық жұмыстардан үш үздік жұмыс жобасы анықталады. Бұл үш үздік жобаны ЖАО жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия айқындайды.

    Келесі кезеңде үш үздік жоба МАМ жанындағы Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның қарауына келесі құжаттар мен материалдарды бірге жіберіледі:

    • құрылысты орнатуды қаржыландыру туралы ақпаратты қамтитын ілеспе хат;
    • құрылысты орнату үшін жер учаскесін бөлу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінің не қаулысының көшірмесі;
    • 1:10 масштабынан кем емес кемінде үш жұмыс жобасы;
    • құрылыстың орналасуының ситуативтік схемасы, төрт бағытты көрсетумен;
    • 1:500 масштабында құрылыстың бас жоспарының макеті;
    • құрылыстың архитектуралық-көркемдік, композициялық шешімдері туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба;
    • жергілікті атқарушы органдар жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның хаттамасы.

    Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

    Комиссия отырыстары кемінде үш айда бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

    Комиссия отырыстары аудио- және бейнежазбаны қолдану арқылы өткізіледі.

    Құрылыстың жұмыс жобасы сапалы шығармашылық орындалуы, портреттік ұқсастығын ашу және тарихи оқиғаны көрсету тұрғысынан қарастырылады. Ұсынылған ситуативтік схема мен құрылыстың бас жоспарының макетін ескере отырып, құрылыстың дұрыс орналасуы айқындалады.

    Комиссия отырыстың нәтижелері бойынша жұмыс жобасын мақұлдау немесе пысықтау туралы шешімдердің бірін шығарады.

    Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ЖАО-ға жолданады

    Комиссия мақұлдаған құрылыстардың үздік жұмыс жобасы ЖАО тарапынан шынайы көлемде орындалады және жоспарға сәйкес мерзімдерде орнатылады.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің 92-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсiздiкке) шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау (әрекетсiздiк таныту) туралы белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар:Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау»...

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды да...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...