Қазақстанда «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өтінімдер Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кітапханаларға және өзге де мемлекеттік ұйымдарға тарату үшін қоғамдық маңызы бар әдебиетке мүліктік құқықтарды белгілі бір мерзімге сатып алу және (немесе) оны басып шығару жөніндегі қағидаларына» сәйкес қабылданады. Аталған қағидалар (www.mam.gov.kz) және ( www.kitap-palatasy.kz) ресми интернет-ресурстарда орналастырылған.
Бұрын баспа көрмеген туындысы бар кез келген автор ағымдағы жылдың
1 ақпанынан 1 мамырға дейінгі аралықта жазбаша өтінімін сатып алып, басып шығару үшін (өтінім,жеке куәлік көшірмесі,шығарманың электрондық тасымалдағыштағы нұсқасы) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсыра алады (кеңсеніңбайланыс телефондары: 8 (7172) 74-10-12, 74-13-33).
Бұрын басылып шыққан шығармаларды қайта басып шығару бойынша өтінімдер ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан 1 маусымына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының порталында (байланыс телефондары: 8 (727) 397 61 97, 397 61 15) ЭЦҚ арқылы қабылданады (өтінім, жеке куәлік көшірмесі, шығарманың электрондық тасымалдағыштағы нұсқасы).
Түскен өтінімдер Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару жөніндегі Тәуелсіз, Ведомствоаралық және Сараптамалық комиссиялармен қаралып, шығарманың көркемдік құндылығы, өзектілігі және басып шығарудың мақсатқа сай болуы бағаланады. Комиссияның оң қорытындысы — шығарманы мемлекеттік тапсырыс бойынша басып шығаруға негіз болады.