Еңбек қызметін растау бойынша архивтік анықтаманы қалай алуға болады?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Еңбек қызметін растау бойынша архивтік анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Еңбек қызметі фактісін растау әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрау салу болып табылады және бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың немесе архивтік үзінділердің көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жатады. Көрсетілетін қызметті берушілер Қазақстанның мемлекеттік архивтері болып табылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен реттеледі.

    Мемлекеттік қызмет 11 жұмыс күні ішінде, үш жұмыс күні мәліметтер болмаған кезде өтеусіз негізде көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметті алуға өтініш бергенге дейін бірінші кезекте ұйымның атауын, оның орналасқан жерін, ұйымның қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрғанын нақтылау қажет. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес ұйым болған жағдайда жұмыс беруші 75 жыл архивте сақталатын қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың, сондай-ақ оларды зейнетақымен қамсыздандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыруға ақшаны ұстау және ұстап қалу туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге міндетті. Тиісінше, еңбек қызметін растау жөніндегі өтініш ұйымға жіберіледі. Мысалы, 1998-2005 жылдары Ақмола облысының білім бөлімінде маман лауазымында жұмыс істеу фактісін растау қажет. Бұл жұмыс істеп тұрған ұйым, тиісінше жеке құрам бойынша құжаттар Ақмола облысының білім бөлімінің ведомстволық архивінде болады. Осыған байланысты Сізге Ақмола облысының білім бөліміне жүгіну қажет болады.

    Ұйым таратылған кезде «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес Ұлттық архив қорының және жеке құрам бойынша құжаттары тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивтерге сақтауға тәртіппен беріледі. Осыған байланысты сіз жұмыс істеген ұйымның орналасқан жері бойынша тиісті мемлекеттік архивке жүгінуіңіз керек.

    Егер сізге 2005-2007 жылдары «АБК-Құрылыс 1» ЖШС құрылыс компаниясында жүргізуші лауазымында жұмыс істеу фактісін растау қажет болған жағдайда, ал бұл ұйым енді жоқ болса, жеке құрам бойынша құжаттар Астана қаласының мемлекеттік архивіне беріледі, тиісінше Астана қаласының мемлекеттік архивіне жүгіну қажет болады.

    Сонымен қатар, барлық таратылған ұйымдар өз құжаттарын тиісті мемлекеттік архивтерге тапсырмаған жағдайда мемлекеттік архив сізге теріс мазмұнда Архив анықтамасын, яғни мемлекеттік архивтерде сақтауда сұратылған мәліметтердің жоқтығы туралы жауабын береді. Мемлекеттік архивтің теріс жауабы негізінде Сіз екі куәгер болған жағдайда заңды құқықтарыңызды сот тәртібімен растауға құқығыңыз бар.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе сұратылған мәліметтерді растайтын архивтік үзінді болып табылады.

    Мемлекеттік қызметті алуға өтініш www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ немесе мемлекеттік архив кеңсесі арқылы беріледі.

    Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу және іс жүргізу кодексінің 69-бабының 3-тармағына және Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттің 100% қатысатын заңды тұлғаларға келіп түскен өтініштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларының 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығы) «Е-Өтініш» АЖ-да көрсетілмей, «Е-Архив» ведомстволық ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады..

    Мемлекеттік архивке жүгінген кезде белгіленген үлгідегі өтінішті толтыру қажет. Бар болған жағдайда өтінішке сұралған ақпаратты растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе ЭЦҚ көрсетілетін қызметтен алынған ЭЦҚ (тұлғаның жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін жеке басын сәйкестендіру үшін қайта жасайды, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға түпнұсқасын қайтарады), өкілеттікті растайтын құжат не көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдірген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат.

    Көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінген жағдайда: өтініш беруші туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұрғылықты жері, байланыс телефондары, заңды тұлға үшін – оның аты, заңды мекенжайы) көрсетілген және сұрау салу үшін қажетті мәліметтерді қамтитын, жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған еркін нысандағы өтініш. Бар болған жағдайда өтінішке сұралған ақпаратты растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне, сондай-ақ әрекетке немесе әрекетсіздікке жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе лауазымды тұлғаға шағымдануға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы шағым жасаған кезде тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), пошталық мекенжайын, шығыс нөмірін және күнін көрсетеді және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

    Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

    Сотқа апелляциялық шағым сотқа дейінгі тәртіпте берілгеннен кейін рұқсат етіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар:Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау»...

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды да...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...