Жеке тұлғалардың-сақтанушылардың (сақтандырылушының) сақтандыру сыныбын айқындау олардың кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының басталу саны мен мән-жайлары туралы деректерді қамтитын олардың сақтандыру тарихына сүйене отырып, жеке жүзеге асырылады.
КҚИ АҚЖС шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде пайдаланылатын «бонус-малус» жүйесінің негізгі көрсеткіштері ретінде сақтанушының (сақтандырылушының) тиісті сыныпты бере отырып, оның кінәсінен болған сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына байланысты жоғарылату немесе төмендету коэффициенттері жүйесі қолданылады.
Сақтандыру тәуекелдерінің сыныптарын есептеуге ұқсас тәсіл әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді және сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру тарихына негізделеді. Басты мақсат – сақтандыру сыйлықақысын әділ және объективті есептеу. Жүйе жүргізушілерді қауіпсіз жүргізуге ынталандырады, себебі сақтандыру жағдайларының болмауы сақтандыру құнын төмендетеді.