Мемлекеттік гранттар – ҮЕҰ үшін конкурстық негізде әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін беріледі. Гранттар мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау сәйкес беріледі (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығы).
Мемлекеттік гранттарды беруді мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбелері негізінде мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру саласындағы оператор – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жүзеге асырады.
Гранттар бойынша конкурстық хабарландырулар, сондай-ақ гранттық жобалар туралы ақпарат және гранттық жобалар бойынша ҮЕҰ есептері оператордың сайтында https://www.cisc.kz орналастырылады.
Мемлекеттік грант алу үшін ҮЕҰ оператор сайтында жарияланған конкурсқа қатысуға өтінім беруге тиіс. Өтінім конкурстық хабарландыруда белгіленген мерзімде беріледі және грант түріне байланысты барлық талап етілетін құжаттарды қамтуы тиіс.
Грант алушыларды іріктеу 2 кезеңде жүргізіледі: алдымен өтінімдерді сараптамалық бағалау жүргізіледі, содан кейін конкурстық комиссия грант алушыларды айқындау жөнінде шешім қабылдайды.