Жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының мақсаты жастарға жеке тұрғын үй сатып алу немесе бастапқы жарнаны жинақтау мақсатында қаражат жинауға мүмкіндік беру болып табылады. Осы бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 318 бұйрығымен регламенттеледі ( https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019319). Шара уақытша сипатта болды, бұл туралы бағдарламаға қатысушылар хабардар болып, тиісті шарттарға қол қойды. Жалға берілетін пәтерлерді жастарды жекешелендіруге беру жөніндегі талап қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Бағдарламаға қатысушыларды қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында әкімдіктер «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп өңірлік ипотекалық бағдарламаларға (Алматы жастары, Елорда жастары және Қамқор) арнайы квота енгізе отырып, жеңілдетілген ипотекалық несиелендіруді іске асыруда. Жеңілдетілген кредит бойынша базалық шарттар: бастапқы жарна -10%, қарыз мөлшерлемесі – 5%, қарыз сомасы – 19 жылға дейінгі мерзіммен 20 млн.теңгеге дейін құрайды. Бұл қолдау шарасы бағдарламаның барлық қатысушыларына қол жетімді. Негізгі шарт-банк арқылы төлем қабілеттілігін растау. Жеңілдікті кредиттер алу үшін жергілікті атқарушы органдардан тиісті жолдама алып, «Отбасы банк» АҚ-ға жүгіну қажет.