Мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орнында білім алу үшін білім беру грантты алуға 0алай болады. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін қабылдау квоталары қарастырылған ба?

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Сұрақ

    Мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орнында білім алу үшін білім беру грантты алуға 0алай болады. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін қабылдау квоталары қарастырылған ба?

    Жауап

    Білім беру гранттары ( Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №443 бұйрығы) бекітілген «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған білім беру гранттарын тағайындау қағидаларына» сәйкес конкурс негізінде бөлінеді.

    Белгіленген тәртіпке сәйкес, ( Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі №357 бұйрығы) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінен келесі квоталар бекітілген:

    -бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – 2 пайыз;

    -басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген жеңілдіктері бар ардагерлер үшін – 0,2 пайыз;

    -ауылдық жастар үшін, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша – 35 пайыз;

    Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері үшін – 4 пайыз;

    -жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе олардың қамқорлығынсыз қалған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

    -Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары үшін – 3 пайыз;

    -төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін – 5 пайыз;

    -кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балалар үшін – 3 пайыз;

    бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін – 2 пайыз;

    -әскери міндетті шақырту бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметін өтеген Қазақстан Республикасы азаматтары үшін – 2,5 пайыз.

    Қосымша ақпаратты тиісті оқу орнының қабылдау комиссиясынан немесе оқу бөлімінен алуға болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дінтану сараптамасын өткізу бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады?

    Жауап

    Дінтану сараптамасын жүргізу мемлекеттік қызметін көрстеудің екі тәсілі бар:Электронды (жартылай автоматтандырылған) және қағаз жүзінде. Қызмет тегін көрсетіледі. Өтінішті электронды түрде қалай беру керек: «Электрондық үкімет» порталына (egov.kz) немесе «Электрондық лицензиялау»...

    Сұрақ

    Қайырымдылық саласында құрметті атаққа кім ие бола алады?

    Жауап

    Қайырымдылық саласындағы құрметті атақты министрлік қолданыстағы ережелерге сәйкес (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 383 Бұйрығы) конкурстық негізде береді. Құрметті атақ келесі бағыттар бойынша беріледі: - шағын Отанды да...

    Сұрақ

    Волонтерлік қызметінің есеп тізіліміне қалай кіруге болады?

    Жауап

    Тізілімге енгізу үшін волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер үйлестірушілері және волонтерлер қызметін ұйымдастырушылар электрондық поштаға береді [email protected] қазақ және орыс тілдерінде бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша тізілімге жә...

    Сұрақ

    «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын алу конкурсына қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Бекітілген Қағидаларға сәйкес («Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 Бұйрығы) сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан...

    Сұрақ

    ҮЕҰ мәліметтер базасына ақпаратты (есептерді) ұсынуы міндетті ме?

    Жауап

    «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына және үкіметтік емес ұйымдардың олар туралы деректер қорын қалыптастыру жөніндегі өз қызметі туралы ақпарат беруі қағидаларына сәйкес қазақстандық ҮЕҰ (қорлар, қоғамдық бірлестіктер, бірлестік...

    Сұрақ

    Қоғамдық бақылауды кім жүргізе алады және қандай нысандары бар?

    Жауап

    «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоғамдық бақылауды жүргізуге келесідей тұлғалар қатыса алады: - Қазақстан Республикасының азаматтары; - діни бірлестіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген коммерциялық емес ұйымдар; - Қаз...

    Сұрақ

    Жұмыс тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, жұмыс тобының және Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған, сондай-ақ жергілікті деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бо...

    Сұрақ

    Қоғамдық кеңестер қалай құрылады?

    Жауап

    «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 9-баптарына, сондай-ақ Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру Жұмыс тобын құрудан басталады. Жұмыс тобын іріктеу жөніндегі конкурстың жалпы мерзімі конкурс өткізу туралы хабарланд...