Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың рұқсат етілген қызмет түрлері тізбесіне қандай ЭҚЖЖ кіреді?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың рұқсат етілген қызмет түрлері тізбесіне қандай ЭҚЖЖ кіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағы 1) тармақшасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысы қабылданды. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленді (бұдан әрі – Тізбе). Аталған Тізбеге өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін 40 экономикалық қызмет түрі (ЭҚЖЖ) енгізілген.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі:

    1. 01620 Мал шаруашылығына тән қызмет;

    2. 32200 Музыкалық аспаптарды өндіру;

    3. 43320 Ағаш шебері және ағаш ұстасы жұмыстары

    4. 43330 Еден жабыны және қабырғаларды қаптау жұмыстары

    5. 43340 Сырлау және шыны салу жұмыстары

    6. 47992 Желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда

    7. 49320 Такси қызметі;

    8. 53200 Басқа пошта және курьерлік қызмет;*

    9. 56210 Тапсырыс бойынша дайын тағамды жеткізу;

    10. 68201 Жеке меншік немесе жалданатын тұрғын үй жылжымайтын мүлігін жалдау (қосалқы жалдау) және басқару;

    11. 74200 Фотография саласындағы қызмет;

    12. 74300 Ауызша және жазбаша аударма қызметі;

    13. 75000 Ветеринариялық қызмет;

    14. 77290 Жеке тұтынатын өзге де заттарды және тұрмыстық тауарларды жалдау және лизинг;

    15. 81211 Тұрғын үйлерді жалпы жинастыру;

    16. 82990 Басқа топтарға кірмейтін, қосымша коммерциялық қызметтерді ұсыну бойынша қалған қызметтер;*

    17. 85510 Спорт және демалыс саласындағы білім беру;

    18. 85520 Мәдениет саласындағы білім беру;

    19. 85599 Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге қызмет;

    20. 90030 Көркем және әдеби шығармашылық;

    21. 95110 Компьютерлер мен шеткері жабдықтарды жөндеу;

    22. 95120 Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу;

    23. 95210 Электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;

    24. 95220 Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу;

    25. 95231 Аяқкиімдерді жөндеу;

    26. 95232 Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу;

    27. 95240 Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу;

    28. 95251 Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу;

    29. 95252 Зергерлік бұйымдарды жөндеу;

    30. 95291 Трикотаж және тоқыма бұйымдарды жөндеу;

    31. 95292 Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу;

    32. 95293 Тері және былғары бұйымдары мен бас киімдерді жөндеу;

    33. 95294 Музыкалық аспаптарды жөндеу;

    34. 95295 Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу;

    35. 95296 Велосипедтер жөндеу;

    36. 95299 Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;

    37. 96020 Шаштараздардың, сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтерді ұсынуы;

    38. 97000 Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;

    39. 97000 Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;

    40. 40. 98100 Өзіндік тұтынуы үшін тауарлар өндіру бойынша үй шаруашылықтарының қызметі.

    Қосымша:

    53200 * басқа пошта қызметін қоспағанда;

    82990 * тек интернет – платформа арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша қолданалады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатынд...