Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру және жаңарту тәртібі 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларымен айқындалады. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Тізілімді жүргізеді, ол кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді қамтитын электрондық дерекқор болып табылады.
Тізілімді қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті уәкілетті органға жеке кәсіпкерлердің тіркеу деректерін, сондай-ақ алдыңғы күнтізбелік жылға арналған жиынтық жылдық табыс және жұмыскерлердің орташа жылдық саны туралы мәліметтерді жолдайды. Аталған ақпарат кәсіпкерлік субъектілерінің салық органдарына салық заңнамасына сәйкес тапсыратын салық есептілігі негізінде қалыптастырылады.
Тізілім жыл сайын 15 желтоқсанға дейін автоматтандырылған режимде жаңартылады. Қазіргі уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары
2021–2023 жылдардағы орташа жылдық табыс пен 2023 жылғы жұмыскерлер саны негізінде айқындалып, egov.kz және rsp.gov.kz платформаларында орналастырылған.
2025 жылғы 15 желтоқсаннан кейін жаңарту 2022–2024 жылдардағы табыс және 2024 жылғы жұмыскерлер саны көрсеткіштері негізінде жүргізіледі.