ҮЕҰ дерекқорында болуы ұйымдарға ҮЕҰ-дың табысты жобаларымен танысуға, тәжрибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ҮЕҰ дерекқорына тіркелу мемлекеттік гранттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйақы таратуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы) сәйкес әлеуетті өнім беруші, «Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында» мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер,мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабы, 3-тармағына сәйкес Гранттар тарату процесіндегі, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған үкіметтік емес ұйымдарды қоспағанда , Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу негізінде беріледі.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларының (ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығы) 5-тармағына сәйкес сыйлықақылар Үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіппен Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына мәліметтер ұсынған үкіметтік емес ұйымдарға беріледі.