Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев республикада саяси өмірді ырықтандыруға бағытталған бірқатар саяси реформалар жүргізуді ұсынды.
Бейбіт жиналыстар туралы Заң жобасы президенттік бастамалар шеңберінде әзірленген алғашқы заң жобасы болып табылады.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнама 1995 жылы қабылданып, 25 жыл өтті.
Митингтер мәдениетін қоғамдық санаға сіңіру уақыты келді. Әңгіме тек қолданыстағы заңға өзгерістер туралы ғана емес, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің барлық нысандарын регламенттейтін тұжырымдамалық жаңа заң туралы болып отыр.
Аталған заң жобасын әзірлеудің өзектілігі мен уақтылылығын отандық және халықаралық сарапшылар атап өтті.