Банктер мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін, оның ішінде банктердің ғимараттары мен үй-жайларын, өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларын бейімдеуді, сондай-ақ қызметкерлерді клиенттердің осы санатымен жұмыс істеу дағдыларына оқытуды қамтамасыз етуге тиіс.
Агенттік Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы №48 қаулысымен тиісті өзгерістер бекітілді, қаулымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына түзетулер енгізілді.