Неліктен Қазақстанда «Ехоба куәгерлері» діни бірлестігінің қызметіне Ресей Федерациясындағы секілді тыйым салынбайды?
«Ехоба куәгерлері» діни бірлестігі Қазақстан Республикасының Әділет органдарында ресми тіркелген және өз қызметін елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Бірлестіктің діни қызметіне қатысу ерікті негізде құрылады. Қоғамның әр мүшесі одан шығуға құқылы. Діни бірлестіктің басшылығы тарапынан мәжбүрлеу шаралары көрсетілген жағдайда, қауымның әрбір мүшесі бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Ресей Федерациясындағы Иегова куәгерлерінің айналасындағы жағдайға қатысты Ресей Федерациясының сот органдарының шешімдері оларға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салуға негіз болып табылмайды. |