«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру 15-бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Гранттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Мемлекеттік гранттарды беру уәкілетті органның үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспары және үкіметтік емес ұйымдарға гранттарды беруге ашық конкурс өткізу негізінде жүзеге асырылады.
Заңның 6-1 бабының 4-тармағына сәйкес грантты алған үкіметтік емес ұйымдар алынған қаражаттың бір бөлігін, бірақ он пайыздан аспайтын бөлігін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге пайдалана алады.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекшеліктері ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында көзделгенін хабарлаймыз.
Сыйлықақылар ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 52 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыларды беру қағидаларына сәйкес конкурстық түрде өткізіледі.
Сыйлықақы беру конкурсына Қазақстандағы барлық үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы алуға ұсыну туралы өтінімдерді үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін береді. Сыйлықақының ең төменгі мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін құрайды. |