Салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмыс істеуін автоматтандыру мақсатында қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі («Qainar» АӨАЖ) әзірленіп, іске қосылды.
«QAINAR» жүйесінде қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тіркеледі және бірлесіп пысықталады. Олардың ішінде: кибершабуылдар, типтік емес белсенділік фактілері, ақпараттық жүйелердің істен шығуы немесе істен шығуы және ақпараттық қауіпсіздіктің тексеруді талап ететін өзге де оқиғалары.
Алынған ақпаратты өңдеу қорытындысы бойынша кибершауылдарды болдырмау мақсатында Салалық орталық «QAINAR» АӨАЖ арқылы ақпарат алмасуға қатысушыларға ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен осалдықтары туралы ескертулер жібереді.
Мұндай кез-келген оқиға кішігірім болуы мүмкін, бірақ кез-келген күрделі кибершабуыл ұсақ оқиғалардан басталып, қылмыскерлер олардың көмегімен қаржы ұйымдарының әлсіз тұстарын зерттей алады.