Агенттік банктер мен микроқаржы ұйымдары сияқты нарықтың заңды қатысушыларына сәйкесінше Банктердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын әзірледі.
Аталған нормативтік құқықтық актілерде алаяқтарға клиенттің тікелей қатысуынсыз клиентке ақша шығаруға немесе кредит ресімдеуге мүмкіндік бермейтін қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерінде, интернет-ресурстарында және мобильді қосымшаларында ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар айқындалған.
Сондықтан алаяқтар бізді ақша шығаруға немесе кредит ресімдеуге тарту үшін қоңырау соғады, өйткені олар мұны біз қатыспай жасай алмайды. Егер біздің шоттарымыздан біз қатыспай ақша шығару және кредит ресімдеу мүмкін болатын болса, онда бізге ешкім қоңырау соқпай, ақшамыз ұрлана берер еді.
Қаржылық қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін телефон арқылы белгісіз адамдармен қаржылық мәселелер бойынша сөйлеспеңіз.