«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 36-бабына сәйкес, мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда, банк қарыз алушының банктік шоттарындағы ақшаға төлем талабы тәртібімен өндіріп алуды қолдануға құқылы. Ерекшелік – қарыз алушы алимент, жәрдемақы, әлеуметтік және өзге де төлемдер түрінде алатын ақшалар.
Кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақша (алимент) түсетін банктік шоттардағы клиенттердің ақшасына банктік қарыздар бойынша төлем талаптары негізінде өндіріп алу жүргізуге жол берілмейді.
Арнайы шоттар банктермен немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жеке тұлғаның талабы бойынша және банктік шот ашу туралы өтінішінде арнайы мақсаттағы шот ретінде көрсетілген жағдайда ашылады.