Таратылатын банк кредиторлары талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.11.2020ж. №114 қаулысымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптардың (бұдан әрі – №114 Қағидалар) 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 30-тармақтарында белгіленген.
Сонымен бір мезгілде №114 қағидалардың 98, 99-тармақтарында тарату комиссиясы танымаған не тарату комиссиясы оларды ұсыну үшін белгілеген мерзім өткеннен кейін мәлімделген, жеке баланстық шотта өзге кредиторлық берешек ретінде ескерілген кредиторлардың талаптары кредитор ұсынған талаптарды қанағаттандыру және оларды кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы сот шешімінің негізінде ғана кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі.