" Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-БҚР туралы заң) 45 – бабының 2-1-тармағына сәйкес Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының аумағында депозитарлық қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады.
БҚР туралы заңның 38-бабының 1-тармағына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның дербес шотынан үзінді көшірме беру арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, бағалы қағаздардың болуы туралы ақпарат алу мәселесі бойынша Орталық депозитарийге (Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8 үй, тел. +7 (727) 355-47-60) жүгіну қажет.
Бұл ретте шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар кастодиан және (немесе) шетелдік есептік ұйым мен номиналды ұстаушы (клиенттері болып табылатын брокер немесе кастодиан) арасында жасалған шарттар шеңберінде кастодианды және (немесе) шетелдік есептік ұйымды есепке алу жүйесінде де ескерілуі мүмкін екенін атап өтеміз. Тиісінше, меншікте шетелдік бағалы қағаздардың болуы (болмауы) туралы ақпаратты брокерлік қызмет көрсетуге немесе номиналды ұстаушының қызметтеріне шарттар жасалуы мүмкін номиналды ұстаушылардан алуға болады. Қазақстандық номиналды ұстаушылардың (брокерлер, кастодиандар және т. б.) байланыс деректері Агенттіктің ресми интернет-ресурсында жарияланған
https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/48?lang=kk