Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда "форекс брокер" дегнен ұғым көзделмеген.
Сонымен бірге, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 45-бабының 1-тармағына сәйкес бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi жүзеге асырылады: брокерлiк, дилерлiк, инвестициялық портфельдi басқару, катодиандық, трансфер-агенттік, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі, бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 63-бабының 3-2-тармағына сәйкес брокер және (немесе) дилер Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өз клиенттеріне ұйымдастырылмаған (биржадан тыс) шетелдік валюта және қор нарықтарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында мәмілелер жасауға байланысты мәселелер бойынша консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтер және (немесе) клиенттердің есебінен және мүдделерінде осы нарықтарда мәмілелер жасасу бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында жоғарыда көрсетілген қызметтерді жеке тұлғаларға тек брокерлер және (немесе) дилерлер көрсетуге құқылы.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 47-1-бабының 1-тармағына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылуы мүмкін және қызметін жүзеге асыруы мүмкін трансфер-агенттерді, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлерді және (немесе) дилерлерді қоспағанда, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады және қызметін жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар нарығындағы лицензиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы №40 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында белгіленген.