2024 жылғы ақпаннан бастап
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңның 34-бабының 5-1-тармағына және «Микроқаржылық қызмет туралы» заңның 3-бабының 3-2-тармағына сәйкес, жеке тұлға микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
Кредиттер беруге өздігінен тыйым салуды шектеусіз уақытқа белгілеуге және кез келген уақытта кредит алуға тыйым салуды алып тастауға болады. Бұл ретте аталған қызметті белгілеу және алып тастаудың саны мен жиілігі бөлігінде шектеулер жоқ.
Бұл ретте, аталған қызметті басқа адам үшін қосу мүмкін еместігін ескеру маңызды - әркім мұны өз бетінше жасауға тиіс. Сондықтан аз-мәз ақыға «Стоп-кредит» орнатып беруді ұсынатын түрлі «делдалсымақтарға» сенбеңіз.