Акционерлік қоғамдар туралы заңның 23 және 24-баптарына сәйкес қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы №307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 40-1-тармағына сәйкес қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа жүзеге асырылады; 2) қоғамда, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған кезде, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған талап етілмеген ақшаны есепке алуға арналған шотқа дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күннен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.