Банктер туралы заңның 39-бабының 3-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банктік қарыз шарттарында қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді, сондай-ақ олардың мөлшерін көрсетуге міндетті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялар мен өзге де төлемдердің жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге құқылы емес. Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
№218 қаулының 2-тармағына сәйкес жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге, оның ішінде қарызды ұйымдастырғаны үшін төлемдер жатады.
Осылайша, қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссияны ұстап қалу кредит беру қағидаларында регламенттелуге және банктік қарыз шартында көзделуге тиіс .