Берешекті есептен шығару (кешіру) қалай жүреді?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Берешекті есептен шығару (кешіру) қалай жүреді?

    Жауап
    Агенттік қаржы ұйымдарының берешекті есептен шығару, кешірім жасау және төлемді кейінге қалдыру мәселелері бойынша қызметіне тікелей араласа алмайды, себебі қаржы ұйымдары өздерінің кредиттік саясатын дербес айқындайды.
    Қаржы ұйымдары қарызды өтеудің жеңілдетілген кестесін ұсынуға, өсімпұлдар мен айыппұл санкцияларын, оның ішінде қарызды өтеу проблемаларын ішінара немесе толық жоюға қатысты мәселелерді қарау кезінде әрбір қарыз алушыға қатысты жеке тәсілді қолдану арқылы әрбір нақты жағдай бойынша өзінің ішкі саясатына сәйкес шешім қабылдайтынын атап өткіміз келеді.
    2021 жылғы 1 қазаннан бастап Банктер және банк қызметі туралы заңның 36-бабына, Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабына сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі - кредитор) үшін қарыз алушының ағымдағы төлем қабілеттілігіне қарай кредитордың қарызды қайта құрылымдауға өтінішін қарау бойынша жұмыс жүргізуді көздейтін азаматтардың қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілді.
    Осыған байланысты, қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған қарыз алушылар несиені қайта құрылымдау туралы жазбаша өтінішпен және ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, несие алған несие берушілеріне хабарласуға құқылы.
    Қаржы ұйымдарына құжаттар мен ақпарат ұсынылмаған жағдайда, берешекті өтеу проблемаларын реттеу жөніндегі мәселені қарау мүмкін болмайды.
    Сондай-ақ қарыз алушылар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде соттан тыс, сот тәртібімен банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы өтініш бере алады.
    Соттан тыс банкроттық рәсімі тек борышкерге қатысты екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында ғана жүзеге асырылады. Соттан тыс банкроттық рәсімімен сайтта таныса аласыз.
    Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Жауап

    КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына жән...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) туралы заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Астана қаласының шегіндегі, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары нақты белгіленген, қаржы саласындағы...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушылар ипотеканы рәсімдеу кезінде көбіне қандай қателіктерге жол береді?

    Жауап

    Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу. Көбі...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредитке үй сатып алу кезінде ай сайынғы төлемнен басқа қандай қосымша шығындарды ескеру қажет?

    Жауап

    Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушы ипотека бойынша төлемді ұзақ уақыт кешіктірсе, баспанасынан айырылып қалуы мүмкін бе? Өндіріп алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелер ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда, заңнамада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, осы шара қолданылғанға дейін қарыз алушыға берешекті реттеудің бірқатар құралдары ұсынылады. Бұдан басқа, қарыз алушы кепіл...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк басқа банктердегі шоттарыма (мысалы, жалақы алатын шотыма) төлем талабын қоюға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылыКоллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?

    Жауап

    Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген.Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз:әңгімелесуді ауди...

    ҚР ҚНРДА·