№136 Қаулының 19-тармағына сәйкес, негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аса мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы - жеке тұлға банкке оңалту рәсімін өткізу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, банк қарыз алушы - жеке тұлғаның оңалту рәсімін өткізу туралы өтінішін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қарайды. Қарыз алушы - жеке тұлғаның өтінішін банктің өтініштердің осындай түрін қарауға уәкілетті органы қарайды. №136 қаулының 10-тармағына сәйкес БҚШ-ға қызмет көрсету кезеңінде банк клиенттің (қарыз алушының) сұратуы бойынша сұратуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жазбаша нысанда мыналар туралы мәліметтерді береді: 1) банкке төлеген ақша сомасы; 2) мерзімі өткен берешектің мөлшері (бар болған кезде); 3) борыш қалдығы; 4) кезектегі төлемдердің мөлшері мен мерзімдері; 5) кредиттеу лимиті (бар болған кезде).
Сондай-ақ, №136 қаулының 12-тармағына сәйкес клиенттің өтініші бойынша банк 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде айына 1 (бір) реттен жиі емес жазбаша нысанда БҚШ бойынша берешекті өтеу есебіне келіп түсетін клиенттің (қарыз алушының) ақшасын бөлу туралы ақпаратты тегін береді. Осылайша, қарыз алушы растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өзінің ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жағдайын ескере отырып, өзара қолайлы талаптарда қарызды қайта құрылымдау (талаптарды өзгерту) туралы тиісті өтінішпен, сондай-ақ қарыздың қалдығы және қарызды өтеуге Сіз енгізген ақшаны бөлу туралы ақпарат алу үшін кредитор банкке жүгінуге құқылы.