Банктер туралы Заңның 36-бабына сәйкес төлемге қабілетсіз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шара ретінде, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-ұстауға арналған алименттерді, а заматтардың тұрғын үй құрылыс жинақтарын төлеуді, инвестициялық шығындардың өтемақысын есептеуге арналған ақшаны, білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша халықтың жинақтау салымдарын қоспағанда, қарыз алушының кез келген банктік шоттарындағы ақшаға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында айтылған жағдайда) даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуды қолдана алады. 01.01.2017 ж. бастап қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шарты бойынша төлем талабын қою арқылы берешегін өндіріп алу оның банктік шотындағы ақша сомасының елу пайызы және (немесе) кейіннен төлем талабын толық орындау үшін қажет қарыз алушының банктік шотына түсетін әрбір ақша сомасының шегінде шектеледі және банк шотына барлық соманың түсуін күтпей жүзеге асырылады. 24.09.2019 ж. бастап жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын сома республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмауға тиіс.