Тараптардың келісімі бойынша зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушының өмір сүруіне қарамастан кепілдендірілген сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мүмкіндігін көздеуі мүмкін.
№45 және №194 Қаулылардың 11-тармағына сәйкес, сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, кепілдендірілген сақтандыру төлемдері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілген тұлғаның пайдасына, ал ондай тұлға болмаған жағдайда – сақтанушының мұрагерлеріне төленеді.
Мұрагерлікке өтуге жатпайтын құқықтар мен міндеттемелерге мұра қалдырушының жеке басымен тығыз байланысты құқықтар жатады, оның ішінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес берілетін зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар және өзге де төлемдер.
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері сақтанушының мұрагерлік мүлкіне кірмейді және зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жүзеге асырылады.