КҚИ АҚЖМ туралы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (айлық есептік көрсеткіштерде)мынадай мөлшерді құрайды: 1) әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені және: қайтыс болуына әкеп соқтырғаны үшін - 2000;
мүгедектікті белгілеуге әкеп соқтырғаны үшін:
бірінші топ - 1 600;
екінші топ - 1 200;
үшінші топ - 500;
мүгедектігі бар бала - 1 000;
мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы-амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтын мөлшерде;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден аспайтын мөлшерде;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін — келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2 000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда, әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне сәйкес жүзеге асырылады.