Жол-көлік оқиғасы салдарынан болған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін сақтандыру компаниясының уақытша әкімшілігінен алуға бола ма?

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

    Сұрақ

    Жол-көлік оқиғасы салдарынан болған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін сақтандыру компаниясының уақытша әкімшілігінен алуға бола ма?

    Жауап
    «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – СҚ туралы заң) 56-бабының 6-тармағында Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкiмшiлiгiнiң өз қызметi кезеңiнде, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ екендігі белгіленген.
    Алайда, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» ҚР Заңының 15-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды.
    Кредиторлардың:
    1) таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен құқыққа сыйымсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
    2) уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін беру (қабылдау) күніне дейінгі кезеңде басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;
    3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылғаннан кейін басталуы туралы мәлімделген және олар бойынша міндеттемелер таратылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің құрамында берілмеген сақтандыру жағдайлары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
    Кредиторда осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздерде Қорға талап ету құқығы туындаған кезде кредитор уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен екі ай өткенге дейінгі кезеңде Қорға кепілдік төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.
    Осылайша, уақытша әкімшіліктің қызмет ету кезеңінде сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі ай өткенге дейін міндетті автосақтандыру шеңберінде жол-көлік оқиғасы нәтижесінде сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда, кепілдік төлемді жүзеге асыру туралы жазбаша өтінішпен Қорға жүгінуге болады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000126_#z66 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000423_ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z030000423_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Шетелге тұрақты тұруға кеткен тұлғаның зейнетақы жинақтарын сенімхат арқылы алуға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 220-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қа...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру кезінде «бонус-малус» жүйесі бойынша сынып қандай жағдайларда жоғарылайды немесе төмендейді?

    Жауап

    КҚИ АҚЖМС туралы Заңның 19-бабының 1 және 10-тармақтарына сәйкес КҚИ АҚЖМС шартын жасау кезінде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған КҚ тіркелген жеріне, КҚ түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына жән...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    АХҚО аумағында қызметін жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша қайда жүгіну қажет?

    Жауап

    Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) туралы заңның 1-бабының 1-тармағына сәйкес, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Астана қаласының шегіндегі, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын шекаралары нақты белгіленген, қаржы саласындағы...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушылар ипотеканы рәсімдеу кезінде көбіне қандай қателіктерге жол береді?

    Жауап

    Ең жиі кездесетін қателіктер – жеке қаржылық мүмкіндікті жете бағаламау, кредиттің жалпы құнын және ол бойынша артық төлемді есепке алмай, ай сайынғы төлем мөлшеріне ғана назар аудару, сондай-ақ баспананы сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды ескермеу. Көбі...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Кредитке үй сатып алу кезінде ай сайынғы төлемнен басқа қандай қосымша шығындарды ескеру қажет?

    Жауап

    Үйді ипотекаға сатып алу кезінде қарыз бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін ғана емес, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және күтіп-ұстауға байланысты қосымша шығындарды да ескеру қажет. Оларға жылжымайтын мүлікті бағалау, сақтандыру, нотариаттық және тіркеу қызметтері, салық төлеу...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Қарыз алушы ипотека бойынша төлемді ұзақ уақыт кешіктірсе, баспанасынан айырылып қалуы мүмкін бе? Өндіріп алу тәртібі қандай?

    Жауап

    Ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелер ұзақ уақыт орындалмаған жағдайда, заңнамада кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу мүмкіндігі көзделген. Сонымен қатар, осы шара қолданылғанға дейін қарыз алушыға берешекті реттеудің бірқатар құралдары ұсынылады. Бұдан басқа, қарыз алушы кепіл...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Банк басқа банктердегі шоттарыма (мысалы, жалақы алатын шотыма) төлем талабын қоюға құқылы ма?

    Жауап

    Иә. Егер банк қарызы (микрокредит) шартында кредитордың мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда коллекторлық агенттікті тарту құқығы көзделген болса, кредитор коллекторлық ұйымды тартуға құқылыКоллекторлық ұйым борышкермен өзара іс-қимылды ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңында...

    ҚР ҚНРДА·
    Сұрақ

    Егер коллекторлар жұмыс берушіге немесе туыстарыма қарызым туралы хабарлаймыз деп қорқытса, не істеуім керек?

    Жауап

    Коллекторларға клиенттің жазбаша келісімінсіз жұмыс берушіге немесе үшінші тұлғаларға оның берешегі туралы мәліметтерді жариялауға тыйым салынады. Бұл тыйым ҚР «Коллекторлық қызмет туралы» Заңының 5-бабында белгіленген.Осы талап бұзылған жағдайда мынаны ұсынамыз:әңгімелесуді ауди...

    ҚР ҚНРДА·