ҚР Ә
леуметтік кодексінің 220-бабының 3-тармағына сәйкес өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туыстарының тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) өзі немесе жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін емделуге ақы төлеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері мынадай шарттардың бірі болған кезде:
- егер міндетті зейнетақы жарналары салымшысының жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалған зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асып кетсе;
- егер осы Кодекстің 207-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар үшін зейнетақы мөлшері, сондай-ақ осы Кодекстің 207-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдардың ай сайынғы қамтылым мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен айқындалатын, алушының орташа айлық табысын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, жүргізіледі. Орташа айлық табысты алмастыру коэффициентін есептеу кезінде алушының зейнеткерлікке шығу күнінің алдындағы, бірақ республика бойынша орташа айлық кірістен аспайтын табысы ескеріледі;
Осылайша, зейнетақы аннуитеті шарты шеңберінде сақтандыру ұйымына берілген зейнетақы жинақтарын жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайдалануға болмайды.