Сақтандыру омбудсманы сізге сақтандыру компаниясымен туындаған даулы мәселеде көмектеседі.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру омбудсманына жүгіну сақтандыру дауларын реттеу бойынша сотқа жүгіну алдындағы міндетті қадам болып табылады.
Қазақстанда сақтандыру омбудсманы институты 2007 жылдан бастап жұмыс істейді.
Сақтандыру омбудсманы жеке тұлғалар немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері сақтанушылар (сақтандырылғандар, пайда алушылар) ретінде әрекет ететін сақтандырудың барлық түрлері бойынша келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Өзге де заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына міндетті автосақтандырудың шеңберінде ғана жүгіне алады.
Тараптар арасындағы даулы жағдайды бейтарап, жан-жақты, объективті қарау және әділ, заңды шешім шығару негізгі міндет болып табылады.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша жеке тұлғалардың және (немесе) өзге де заңды тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптардың сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Сақтандыру омбудсманына Алматы қаласы, Рысқұлбеков к-сі, 28/7, 2-ші қабат мекенжайы бойынша оның офисіне тікелей жүгінуге болады. Сондай-ақ, сақтандыру омбудсманының сайты (www.omb.kz) арқылы немесе оның
[email protected] электрондық мекенжайына жолданым жіберуге болады. Бұдан басқа, сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманына өз клиентінің соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы немесе сақтандыру ұйымының сайтына жіберілген өтінішін қайта жіберуге де міндетті.
Егер клиент қабылданған шешіммен келісетін болса, сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымының орындауы үшін міндетті болады.
Сақтандыру ұйымының клиенті сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспейтін жағдайда, өз құқықтарын қорғау үшін клиенттің сотқа жүгінуге құқығы бар. Сотқа жүгінген кезде өтініш беруші дауды сотқа дейінгі реттеудің міндетті кезеңінен өткенін растау ретінде сақтандыру омбудсманының шешімін ұсынуы қажет.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z000000126_