Әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу заңды ма?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    Сұрақ

    Әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу заңды ма?

    Жауап

    Лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі.

    Осы Заңның 1-бабының 2), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес:

    2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды тарату (өткізу) есебінен не лотерея операторының дербес қаражаты есебінен қалыптастырылатын және лотереяға қатысушыларға ұтыс түрінде төленетін ақша және (немесе) өзге де мүлік;

    4) лотерея – осы Заңға, лотереяны өткізу талаптарына және шарттарына сәйкес өткізілетін, егер ол лотереяны өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылатын болса, бір тарап (лотерея операторы) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізетін, ал екінші тарап (лотереяға қатысушы) ұтысқа құқық алатын ойын. Коммерциялық ұйымдардың тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатуын ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды;

    14) лотереяны өткізу – лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды дайындау не оларды дайындауға арналған шарттарды жасасу, сондай-ақ лотереялық жабдықты және лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де жабдықты, бағдарламалық өнімдерді дайындаушымен шарттарды және (немесе) лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де шарттарды (келісімшарттарды) жасасуды, лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды таратуды (өткізуді) және есепке алуды, жүлде қорының ұтысын ойнатуды, ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, түбіртектерге немесе өзге де құжаттарға сараптама жасауды, лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеуді, лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де іс-қимыл мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру.

    Осылайша, Заңның 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес лотерея операторы – лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.

    «Лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы

    10 ақпандағы № 48 қаулысымен 15 жыл мерзімге лотерея өткізу құқығын бере отырып, лотерея операторы болып «Сәтті Жұлдыз» АҚ анықталды.

    Сондай-ақ, Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес лотерея операторы болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаға лотерея өткізуге тыйым салынады.

    Заңның 8-1-бабына сәйкес лотерея таратушы (агенті) өз қызметін лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты негізінде жүзеге асырады.

    Агенттік шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес Заңда және лотереяларды өткізу қағидаларында көзделген лотереяны тарату (өткізу) ерекшеліктерін көрсете отырып жасалады.

    Осыған байланысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 802-бабы 1-тармағының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу арқылы қызметті жүзеге асырған жағдайда Кодекстің 445-1 баптың 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады.

    Сондай-ақ, Кодекстің 445-1 баптың 7-бөлігіне сәйкес осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әскери қызметшілерге казинода құмар ойын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 40-2-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 26-бабыны...

    Сұрақ

    Арнаулы мемлекеттік органдардың (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі) қызметкерлеріне казинода кұмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңының 8-бабы 13-тармағына сәйкес тыйым салынады. Қазақстан Республика...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге казинода құмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымын атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға (Қазақст...

    Сұрақ

    Казино мен букмекерлік кеңселерді ашуға рұқсат етілген аумақтардың шекараларын кім анықтайды ?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын же...

    Сұрақ

    Қазақстан казино немесе букмекерлік кеңсе ашуға қай жерде рұқсат етілген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында...

    Сұрақ

    Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақау болған жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі қандай?

    Жауап

    Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның шешімімен Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген ад...

    Сұрақ

    Егер азамат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде бар болса, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатыса алады ма?

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ж...

    Сұрақ

    Заңнаманың жаңа талаптарын ескере отырып, лотерея билеттері қалай таратылады және оларды сату нүктелері қалай орналастырылады?

    Жауап

    «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңның 12-1-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда; 2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста; 3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста; 4) ғибадат ғимараттарын...