Казино мен букмекерлік кеңселерді ашуға рұқсат етілген аумақтардың шекараларын кім анықтайды ?
Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеге сәйкес, ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.