Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымын атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға (Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе мәслихат депутаттары, аудан, облысқа қарасты қала, ауданға қарасты қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланған органдарының мүшелері осыдан тыс) өз өкілеттіктерін жеке, топтық немесе басқа да қызметтік емес мүдделерде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында аталған тұлғаларға, осы Заңның 13, 14, 14-1 және 15-баптарында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген анықтамаға сәйкес ойын мекемелерінде құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысуға, сондай-ақ оған арналған емес орындарда немесе телекоммуникациялық желілер, соның ішінде Интернет желісі арқылы өткізілетін құмар ойындар мен (немесе) бәс тігуге қатысуға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізіледі.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамаса, оларға лауазымға тағайындаудан бас тарту немесе қызметтен босату (лауазымнан босату, өкілеттікті тоқтату) шаралары қолданылады; оларды сақтамау қызметтен босатудың (лауазымнан босатудың, өкілеттілікті тоқтатудың) негізі болып табылады.