Заңнаманың жаңа талаптарын ескере отырып, лотерея билеттері қалай таратылады және оларды сату нүктелері қалай орналастырылады?
«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңның 12-1-бабының
4-тармағына сәйкес:
1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда;
2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
4) ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында);
5) мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға, ал лотерея терминалдарын орнатуға болмайды.
Аталған нормалар құмар ойындарға тәуелділіктен зардап шегетін тұлғалардың, 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Толығырақ түсіндірмелер келесі сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/tsm/documents/details/710230?lang=ru