Қазақстан казино немесе букмекерлік кеңсе ашуға қай жерде рұқсат етілген?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    Сұрақ

    Қазақстан казино немесе букмекерлік кеңсе ашуға қай жерде рұқсат етілген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әскери қызметшілерге казинода құмар ойын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 40-2-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 26-бабыны...

    Сұрақ

    Арнаулы мемлекеттік органдардың (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі) қызметкерлеріне казинода кұмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңының 8-бабы 13-тармағына сәйкес тыйым салынады. Қазақстан Республика...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге казинода құмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымын атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға (Қазақст...

    Сұрақ

    Казино мен букмекерлік кеңселерді ашуға рұқсат етілген аумақтардың шекараларын кім анықтайды ?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын же...

    Сұрақ

    Әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу заңды ма?

    Жауап

    Лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Осы Заңның 1-бабының 2), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес: 2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, түбіртектерді немес...

    Сұрақ

    Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақау болған жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі қандай?

    Жауап

    Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның шешімімен Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген ад...

    Сұрақ

    Егер азамат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде бар болса, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатыса алады ма?

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ж...

    Сұрақ

    Заңнаманың жаңа талаптарын ескере отырып, лотерея билеттері қалай таратылады және оларды сату нүктелері қалай орналастырылады?

    Жауап

    «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңның 12-1-бабының 4-тармағына сәйкес: 1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда; 2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста; 3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста; 4) ғибадат ғимараттарын...