Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңының 8-бабы 13-тармағына сәйкес тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының ««Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар, оларға теңестірілген тұлғалар (Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттар, Қазақстан Республикасы Парламенті немесе мәслихат депутаттары, аудандардың, облысқа бағынысты қалалардың, аудандық қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланған органдарының мүшелері шетел) өз өкілеттіктерін жеке, топтық немесе басқа да бейресми мүдделер үшін пайдалануға әкеп соқтыруы мүмкін әрекеттерді жасамау мақсатында, 13, 14, 14-1 және 15-баптарда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, құмар ойындарға және (немесе) Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңы бойынша құмар ойын орындарына, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде немесе телекоммуникациялық желілер, оның ішінде интернет арқылы жүргізілетін құмар ойындар мен (немесе) бәстерге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өздеріне қабылдайды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңының 8-бабының 13-тармағына сәйкес, арнайы мемлекеттік органдар қызметіне қабылданатын тұлғалар қызметте болумен байланысты заңда белгіленген шектеулер мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңымен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олар жазбаша түрде бекітіледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңының 51-бабының 14-тармағына сәйкес, теріс негіздер бойынша қызметтен босату арнайы мемлекеттік органдар қызметінде қызметтің беделін түсіретін құқықбұзушылықтар болған жағдайда, жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде жүзеге асырылады.
Арнайы мемлекеттік органдар қызметінің беделін түсіретін құқықбұзушылықтарға қызметкердің әрекеттері, соның ішінде қызмет міндеттерін орындауға байланысты емес, бірақ азаматтардың көзінде арнайы мемлекеттік органдар қызметінің беделін айқын түрде төмендететін әрекеттер жатады, оның ішінде ақша немесе басқа мүліктік сипаттағы құмар ойындарға және (немесе) ақша, заттар мен басқа құндылықтарға бәс тігуге қатысу.