Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өз бетінше қалай шектеу қоюға болады?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    Сұрақ

    Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өз бетінше қалай шектеу қоюға болады?

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 15-1-бабының 1-тармағына сәйкес жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы уәкілетті органға өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру арқылы өзін алты айдан он жылға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын өз бетінше шектей алады.

    Өзін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу үшін жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының жазбаша өтініші уәкілетті органға е-Otinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы (бұдан әрі - е-Otinish) арқылы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық форматта беріледі.

    Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуын шектеу мерзімі, жеке немесе электрондық цифрлық қолтаңба.

    Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың шектеу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының азаматы шектеуді жаңа мерзімге ұзарту туралы өтініш бере алады.

    Құмар ойындарға қатысуы және (немесе) бәс тігуі шектелген адамдарды тізімге енгізу туралы өтініштердің үлгілерін келесі сілтеме бойынша жүктеуге болады: www.gov.kz/memleket/entities/tsm/documents/details/737062?lang=ru

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әскери қызметшілерге казинода құмар ойын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 40-2-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 26-бабыны...

    Сұрақ

    Арнаулы мемлекеттік органдардың (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі) қызметкерлеріне казинода кұмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңының 8-бабы 13-тармағына сәйкес тыйым салынады. Қазақстан Республика...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге казинода құмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымын атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға (Қазақст...

    Сұрақ

    Казино мен букмекерлік кеңселерді ашуға рұқсат етілген аумақтардың шекараларын кім анықтайды ?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын же...

    Сұрақ

    Қазақстан казино немесе букмекерлік кеңсе ашуға қай жерде рұқсат етілген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында...

    Сұрақ

    Әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу заңды ма?

    Жауап

    Лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Осы Заңның 1-бабының 2), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес: 2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, түбіртектерді немес...

    Сұрақ

    Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақау болған жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі қандай?

    Жауап

    Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның шешімімен Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген ад...

    Сұрақ

    Егер азамат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде бар болса, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатыса алады ма?

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ж...