Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігулер жарнамасы бар SMS-хабарламаларға тыйым салу бөлігінде заңнамада қандай шектеулер көзделген?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    Сұрақ

    Букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау, сондай-ақ құмар ойындар мен бәс тігулер жарнамасы бар SMS-хабарламаларға тыйым салу бөлігінде заңнамада қандай шектеулер көзделген?

    Жауап

    «Жарнама туралы» Заңның 13-бабының 1-3-тармағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға шектеулер қаралған, атап айтқанда:

    - букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор орналасқан жерді қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнамаға тыйым салу;

    - көлік құралдарында жарнамаға тыйым салу;

    - масс-медиа саласындағы уәкілетті органда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында спорт тақырыбы бағытындағы, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялау кезіндегі жарнаманы қоспағанда, масс-медиада, кино-, бейне- және анықтамалық қызметтер көрсетуде жарнамалауға тыйым салу;

    Бұл ретте, «Жарнама туралы» Заңның көрсетілген бабының
    1-5 тармақшасына сәйкес букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың тек атауы, тауар белгісінің элементтері, орналасқан жері, интернет-ресурсы (ол болған кезде), букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметімен айналысуға арналған лицензияның берілген күні, қолданылу мерзімі мен нөмірі қамтылуы мүмкін.

    Сондай-ақ, «Байланыс туралы» Заңның 40-бабының 1-5-тармағымен байланыс операторларына электрондық казиноның, интернет-казиноның, құмар ойындар мен бәс тігу жарнамасы бар мәтіндік хабарламаларды тарату бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынған.

    Осы мәселе бойынша толығырақ түсіндірулер Туризм және спорт министрлігінің ресми интернет-ресурсында келесі сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/tsm/documents/details/720891?lang=ru

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әскери қызметшілерге казинода құмар ойын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 40-2-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 26-бабыны...

    Сұрақ

    Арнаулы мемлекеттік органдардың (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі) қызметкерлеріне казинода кұмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңының 8-бабы 13-тармағына сәйкес тыйым салынады. Қазақстан Республика...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге казинода құмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымын атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға (Қазақст...

    Сұрақ

    Казино мен букмекерлік кеңселерді ашуға рұқсат етілген аумақтардың шекараларын кім анықтайды ?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын же...

    Сұрақ

    Қазақстан казино немесе букмекерлік кеңсе ашуға қай жерде рұқсат етілген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында...

    Сұрақ

    Әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу заңды ма?

    Жауап

    Лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Осы Заңның 1-бабының 2), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес: 2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, түбіртектерді немес...

    Сұрақ

    Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақау болған жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі қандай?

    Жауап

    Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның шешімімен Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген ад...

    Сұрақ

    Егер азамат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде бар болса, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатыса алады ма?

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ж...